Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Р.Сәбденов ауылдық «Отарымбет» мешітінің имамы Қалтай Спанұлы ауызашар дастарқанында ысырапшылдыққа жол бермей және қарапайымдылық пен қанағатшылдықты ұстануға шақырды.
Ауыл имамы насихатында: «Ысырап» сөзінің тілдік мағынасы, дүние-мүлкіңді, керек-жарағыңды орынсыз шашу, артық шығынға жол беру, мөлшерден артық ішіп-жеу, уақытыңды дұрыс қолданбау, Алла Тағаланың сыйлаған әрбір нығметін өз орнымен қолданбау дегенді білдіреді.
Ысырапқор адам берілген нығметке қанағатсыздық танытып, тек іше берсем, жей берсем, үсті үстіне бола берсе деген тоғышарлық мінез танытады.
Олай болса, ысырапқа бармау үшін үнемшіл болу қажет. Үнемшілдік – шектен тыс кетпеу, керегінен аз немесе көп жұмсаудан алыс болу, яғни орта деңгейді ұстай білу,- деп, кеңінен баяндап өтті.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



13 Наурыз 2026
24 Рамадан 1447

