Қасиетті Құран Кәрімде: «Негізінен иман келтіріп, ізгі іс істегендер, намазды толық орындап, зекет бергендер – олардың сыйы Раббыларының қасында. Оларға қорқу жоқ әрі олар қайғырмайды», – деп айтылған. Бұл аятта иманнан кейін ізгі амал жасаудың маңыздылығы ерекше атап өтіледі.
Осыған орай, қасиетті Рамазан айында Қордай ауданының бас имамының ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті. Игі шара барысында «Жусан» операциясымен елге оралған отбасыларға көмек көрсетіліп, қажетті қолдау берілді. Шараның басты мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау білдіріп, Рамазан айының рухани құндылықтарын насихаттау. Алла Тағала жасалған қайырымдылықтарды қабыл етіп, сауаптан жазсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


13 Наурыз 2026
24 Рамадан 1447

