Құранды жаттау – жүректі нұрландырып, рухани тұрғыдан тазартады, есте сақтау қабілетін арттырып, адамды екі дүниеде де биік дәрежеге жеткізетін игі амалдардың бірі. Сондай-ақ, Құранмен байланыста болу пендені жамандықтан қорғап, жанға тыныштық сыйлап, періштелердің дұғасына бөленуге себеп болады.
Құран үйреніп, оны өзгелерге үйреткен жандар – ең қайырлы адамдардың қатарынан. Осы орайда Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінің ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен мешіт шәкірттері арасында Құран жарысы өтті. Жарысқа аудан мешіттерінен келген шәкірттер қатысып, 1 пара, 0,5 пара, «Зам» сүрелері және мәнерлеп оқу номинациялары бойынша бақ сынады.
Жалпы сайысқа 40 шәкірт қатысып, өз білімдері мен қабілеттерін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен шәкірттер марапатталып, қатысушыларға алғыс айтылды. Алла Тағала елімізде Құранды сүйіп, оны үйренуге ынталы жандардың санын арттырғай!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



13 Наурыз 2026
24 Рамадан 1447

