Ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айту – мұсылман үшін үлкен сауапты амалдардың бірі. Қасиетті хадистерде Пайғамбарымызға салауат айтқан адамға Алла Тағала он есе рақым нәсіп ететіні баяндалған. Салауат айту – жүректі тыныштандырып, адамды сауапқа кенелтетін әрі Алланың мейіріміне бөленуге себеп болатын игі амал.
Осы орайда Қордай ауданы, Партизан мөлтек ауданындағы «Рахман» мешітінде, мешіт имамы Нұрмұхамед Кеулимжаевтың ұйымдастыруымен «Салауат айтудың артықшылығы» тақырыбында уағыз-насихат өтті. Насихат барысында жамағатқа салауат айтудың маңызы мен оның рухани пайдасы кеңінен түсіндірілді. Шара соңында жамағат көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі



13 Наурыз 2026
24 Рамадан 1447

