Қордай: «Шыншылдық» тақырыбында жамағатқа уағыз айтылды

Қордай: «Шыншылдық» тақырыбында жамағатқа уағыз айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шыншылдық – Ислам дінінде аса маңызды әрі көркем мінез-құлықтардың бірі. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Шыншылдық жақсылыққа бастайды, ал жақсылық жәннатқа жетелейді» деп, шыншыл болудың маңыздылығын ерекше атап өткен.

Осы орайда Қордай ауданы, Отар ауылындағы «Атамқұл» мешітінде, мешіт имамы Нұрлан Шакировтың қатысуымен «Шыншылдық» тақырыбында жамағатқа уағыз-насихат айтылды.

Насихат барысында адалдық пен шыншылдықтың қоғамдағы орны, мұсылманның көркем мінезі жайында кеңінен түсіндірілді. Шара соңында жамағатқа ізгі тілектер айтылып, қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: