Аманатқа адал болу – Ислам дініндегі ең маңызды құндылықтардың бірі. Қасиетті Құран мен хадистерде аманатты сақтау, уәдеге берік болу мұсылманның көркем мінезінің белгісі екені айтылған.
Аманатқа қиянат жасау – үлкен күнәлардың бірі болып саналады. Осы орайда Қордай ауданы, Жамбыл ауылы «Әл-Хафиз» мешітінде «Аманатқа берік бол!» тақырыбында жамағатқа уағыз-насихат айтылды. Насихатты мешіт имамы Талғат Тәукеев жүргізіп, жамағатқа аманаттың мәні мен маңызы, қоғамдағы жауапкершілік туралы кеңінен түсіндірді. Шара барысында жамағатқа адалдық, сенімге беріктік және жауапкершілік жайында насихат айтылып, ізгі тілектер білдірілді.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


13 Наурыз 2026
24 Рамадан 1447

