Қордай: «Нұр Ислам» мешітінде көгалдандыру жұмыстары жүргізілді

Қордай: «Нұр Ислам» мешітінде көгалдандыру жұмыстары жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тазалық – Ислам дінінің маңызды қағидаларының бірі. Мұсылман адам тек өзінің ғана емес, айналасының да таза әрі көрікті болуына мән беруі тиіс. Мешіт – құлшылық пен рухани тәрбие орны болғандықтан, оның айналасын таза ұстау әрбір жамағаттың ортақ міндеті.

Осы орайда Қордай ауданы, Барыс мөлтек ауданындағы «Нұр Ислам» мешітінің имамы Зейне Жұмабайұлының ұйымдастыруымен мешіт аумағында тазалық және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Шара барысында мешіт төңірегі тазартылып, ауласы ретке келтірілді. Мұндай игі бастамалар мешіттің көркін арттырып қана қоймай, жамағатты тазалық пен тәртіпке үндейді.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: