Орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған ауызашар дастарханы жайылды. Игі шараға облысымыздағы телеарналар мен газет-журнал редакцияларынан белгілі журналистер қатысып, мешіттің қадірлі қонағы болды.
Ауызашар барысында қасиетті Рамазан айының рухани мәні мен берекесі туралы айтылып, қоғамдағы діни-ағартушылық жұмыстарды кеңінен насихаттауда БАҚ өкілдерінің еңбегі ерекше екені атап өтілді. Жиын барысында журналистер мен мешіт қызметкерлері еркін форматта пікір алмасып, өзара байланыс пен ынтымақтастықты нығайту мәселелері сөз болды.
Кездесу соңында қонақтарға алғыс айтылып, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға жасалды.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.



12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

