«ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ» МЕШІТІНДЕ ЖАСТАРҒА АУЫЗАШАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ» МЕШІТІНДЕ ЖАСТАРҒА АУЫЗАШАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде жастарға арналған ауызашар дастарханы ұйымдастырылды. Игі шараға мешіт жастары мен еріктілер ұйымдарының өкілдері қатысып, қасиетті Рамазан айының берекесін бірге бөлісті.

Ауызашардан кейін жастар арасында түрлі танымдық және тәрбиелік шаралар өткізілді. Атап айтқанда, ұлттық ойындар дәріптеліп, қатысушылар арасында логикалық сұрақтар қойылып, қызықты сайыстар ұйымдастырылды. Бұл шаралар жастардың бір-бірімен етене араласуына, ұлттық құндылықтарды насихаттауға және рухани танымын арттыруға бағытталды.

Жастар бас қосқан кеште достық пен бірлік нығайып, қатысушылар әсерлі әрі мазмұнды уақыт өткізді. Ұйымдастырушылар мұндай кездесулер жастарды ізгілікке, ынтымаққа және рухани құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелейтінін атап өтті.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: