ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЖАСТАРҒА ҚАДІР ТҮНІНІҢ МАҢЫЗЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ЖАСТАРҒА ҚАДІР ТҮНІНІҢ МАҢЫЗЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде жастарға арналған тағылымды насихат ұйымдастырылды. Шара барысында мешіттің наиб имамы Нұралы Бақытұлы жиналған жастарға «Қадір түнінің маңызы» тақырыбында дәріс айтты.

Насихат барысында Қадір түнінің қасиеті мен артықшылығы, бұл түнде жасалатын құлшылықтардың сауабы туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар Рамазан айының соңғы он күнінде құлшылықты көбейтіп, дұға жасап, ізгі амалдарға ден қоюдың маңыздылығы айтылды.

Наиб имам өз сөзінде жастарды қасиетті түннің қадірін түсініп, оны бос өткізбей, Құран оқып, дұға жасап, рухани тұрғыда кемелденуге шақырды. Сондай-ақ ислам дініндегі имандылық, сабыр мен ізгілік құндылықтарын ұстанудың маңызына тоқталды.

Кездесу соңында жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, рухани бағыттағы пайдалы кеңестер алды.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: