Орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде «Бір айда бір кітап» жобасы аясында жастарға арналған тағылымды дәріс ұйымдастырылды. Шараны мешіттің наиб имамы Ғалымбек Жапек жүргізді.
Кездесу барысында жастармен бірге «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» атты рухани кітап талқыланып, оның мазмұны мен тәрбиелік маңызы кеңінен түсіндірілді. Наиб имам кітапта қамтылған ислам әдебі, мұсылманның күнделікті өмірдегі мінез-құлқы, адамгершілік құндылықтары мен көркем мінез туралы маңызды тұстарға тоқталды.
Сонымен қатар жастарға әдептілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, қоғамда дұрыс қарым-қатынас орнату секілді құндылықтардың маңыздылығы айтылып, кітап оқудың рухани дамуға тигізер пайдасы насихатталды.
Дәріс соңында жастар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасып, рухани мазмұндағы кітаптарды тұрақты оқудың маңызы атап өтілді.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.



12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

