Орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде жастар мен жас отбасыларға арналған тағылымды семинар-уағыз ұйымдастырылды. Шараны мешіттің наиб имамы Нұрлан Мұрат жүргізді.
Кездесу барысында отбасының қоғамдағы орны, ерлі-зайыптылар арасындағы сыйластық, ата-ана жауапкершілігі мен бала тәрбиесінің маңызы туралы кеңінен насихат айтылды. Наиб имам өз сөзінде берекелі отбасы құру үшін өзара түсіністік пен құрметтің, сабыр мен мейірімнің маңызды екенін атап өтті.
Сонымен қатар ислам дініндегі отбасы құндылықтары, ата-анаға құрмет, ұрпақ тәрбиесі және ұлттық салт-дәстүрдің орны туралы да түсіндірме берілді. Жастарға отбасылық өмірге жауапкершілікпен қарау, бір-біріне қамқор болу және қоғамда үлгілі отбасы қалыптастыру жайында пайдалы кеңестер айтылды.
Шара соңында қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.



12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

