Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде жастарға арналған «Жастар және жасанды интеллект» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Шараны мешіттің наиб имамы Бахтияр Амиреев жүргізді.
Семинар барысында қазіргі заманда қарқынды дамып келе жатқан жасанды интеллекттің мүмкіндіктері мен оның қоғам өміріндегі рөлі туралы айтылды. Сонымен қатар жастарға технологияны дұрыс әрі пайдалы мақсатта пайдалану, уақытты тиімді басқару және білім мен ізденістің маңыздылығы жөнінде кеңінен түсіндірілді.
Наиб имам өз сөзінде жастарды білім алуға, жаңа технологияларды игере отырып, оны қоғам игілігіне қызмет ететін бағытта қолдануға шақырды. Сондай-ақ ислам діні білім мен ғылымды әрдайым қолдайтынын атап өтіп, жас буынды ізгілік пен жауапкершілікке үндеді.
Семинар соңында жастар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасу өтті.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.



12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

