ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТТЕ БАС ИМАМ САҒАТЫ ӨТТІ

ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТТЕ БАС ИМАМ САҒАТЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде «Бас имам сағаты» ұйымдастырылды. Шара барысында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы жамағатпен жүздесіп, олардың көкейкесті сауалдарына жауап берді.

Кездесу барысында жамағат тарапынан діни мәселелерге қатысты түрлі сұрақтар қойылып, бас имам шариғат талаптары мен дәстүр сабақтастығы тұрғысынан кеңінен түсіндіріп өтті. Әсіресе, қасиетті Рамазан айындағы құлшылық, ораза ұстау әдебі, отбасы құндылықтары мен қоғамдағы бірлік мәселелері жөнінде пайдалы насихат айтылды.

Сонымен қатар бас имам жамағатты ізгі амалдарды көбейтуге, бір-біріне құрмет пен мейірімділік танытуға шақырып, мұндай кездесулердің жамағатпен байланыс орнатуда маңызы зор екенін атап өтті.

Кездесу соңында жамағат тарапынан қойылған сауалдарға нақты жауаптар беріліп, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға жасалды.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: