Жуалы ауданы, Ақтөбе ауылдық мешітінде қасиетті Рамазан айының тарауық намазы алдында «30 күнге 30 уағыз» жобасы бойынща насихат айтылды. Мешіт молдасы Бақытжан Асқарұлы жамағатқа «Алланың разылығы ата-ананың разылығында, Алланың ашуы ата-ананың ашуында», – деген (имам Термизи).
Абдулла ибн Омар (Алла оған разы болсын) анасын мойнына салып алып Қағбаны тауап етіп жүрген бір кісіні көреді. Ол кісі бұған: «Уа, Омардың ұлы! Не айтасың? Мен осы қызметіммен анамның алдындағы борышымды өтедім бе?» – деп сұрайды. Сонда Абдулла ибн Омар (Алла оған разы болсын): «Жоқ. Сені босанарда оны қысқан толғақтың біреуін де өтемедің. Алайда үлкен ізгілік жасадың. Алла қаласа, аз ісіңе көп сауап жазар», – деп жауап береді.-деп айтып өтті.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

