Қайырымдылық — мұқтаж жандарға (адамдарға және жан-жануарларға) ешқандай қайтарым күтпестен материалдық немесе рухани көмек көрсету, мейірімділік таныту. Бұл – адамның асыл қасиеті, ізгілік пен адамгершіліктің айқын көрінісі.
Сондай-ақ қоғамдағы бірлік пен өзара түсіністікті нығайтатын игі амалдардың бірі. Осы орайда Қордай ауданы, Жамбыл ауылындағы «Әл-Хафиз» мешітінің имамы Таукеев Талғат Баймұханбетұлының ұйымдастыруымен ауыл тұрғындарына тегін такси қызметі ұсынылды.
Аталған игі бастама ауыл тұрғындарының мешітке қатынауын жеңілдетіп, жамағатқа қолдау көрсету мақсатында қолға алынды. Жамағат бұл игі іске алғыстарын білдіріп, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын жеткізді. Алла Тағала баршамыздың игі амалдарымызды қабыл етсін!
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі


12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

