Аманат – өз алдына дара тұрған асыл қасиеттердің бірі. Мүмін адам өзіне тапсырылған аманатты сақтауға бар күш-жігерін жұмсайды. Оның имандылығы да осы сипатымен бағаланады. Қасиетті Құранда: «Олар – аманаттарын және уәделерін қорғаушылар» деп айтылған. Бұл аяттың тәпсірінде: «Аманат пен келісім адамның діни әрі дүниелік істерін түгел қамтиды. Ол сөзге де, іс-әрекетке де қатысты. Бұл ұғымдар адамдар арасындағы қарым-қатынаста кеңінен қолданылады.
Аманаттың мақсаты – оны сақтау және толық орындау», – деп түсіндірілген. Осы орайда Қордай ауданы, Қарасу ауылындағы «Яссауи» мешітінің имамы Идыбо Харсан және Еңбек ауылындағы «Еңбек» мешітінің имамы Абитаев Адамбек жамағатқа «Аманатқа берік бол» тақырыбында уағыз-насихат айтты. Насихат барысында аманатқа адал болудың маңыздылығы, мұсылманның жауапкершілігі және қоғамдағы сенімділікті сақтау жайында кеңінен түсіндірілді. Алла Тағала баршамызға аманатқа берік болуды нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі



12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

