Қазақ халқының Ислам дінімен таныс болғанына мың екі жүз жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт аралығында халқымыздың салт-санасы, әдет-ғұрпы, әдебиеті мен мәдениеті мұсылмандық құндылықтармен үндесіп, бір-бірімен біте қайнасты.
Нәтижесінде Ислам діні халықтың рухани болмысымен астасып, ұлттық құндылықтардың ажырамас бөлігіне айналды. Ислам шариғаты дұрыс ұғымдар мен ізгі мұраттарды бекітіп, бұрыс түсініктерді тоқтату үшін келген. Сондықтан мұсылман халықтарының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын бағалаудағы негізгі өлшем – шариғат болып саналады. Яғни, дін мен дәстүр үйлесім тапқан жағдайда қоғамда тәрбие мен бірлік нығая түседі. Осы орайда Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Жанұзақ Рысбекұлы жамағатқа «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбында уағыз-насихат айтты.
Насихат барысында ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, шариғат талаптарына сай өмір сүрудің маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Алла Тағала баршамызға екі дүниенің игілігін нәсіп етіп, иманды, берік мұсылман болуды жазсын!
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі



12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

