Қордай: «Ораза ұстау кімге парыз?» тақырыбында насихат айтылды

Қордай: «Ораза ұстау кімге парыз?» тақырыбында насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айы – мұсылмандар үшін ерекше рухани тәрбие мен сауапқа толы ай. Бұл айда ораза ұстау – балиғат жасына толған, ақыл-есі дұрыс, денсаулығы жарамды әрі тұрғылықты (сапарда емес) әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз.

Бұл – Алла Тағаланың бұйрығы. Қасиетті Құранның Бақара сүресі, 185-аятында осы туралы анық баяндалған. Сонымен қатар ораза – ислам дінінің бес парызының бірі. Осы тақырыпта Қордай ауданы, Сарыбұлақ ауылындағы «Сахаба» мешітінің имамы Серік Рахимбаев ауыл жастарымен кездесіп, «Ораза ұстау кімге парыз?» тақырыбында насихат айтып, жастардың сұрақтарына жауап берді.

Кездесу барысында оразаның мән-маңызы түсіндіріліп, жамағатқа пайдалы діни мәліметтер берілді. Алла Тағала баршамызға қасиетті айдың берекесін сезініп, құлшылықтарымызды қабыл етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: