Қордай: Адал қоғам туралы уағыз өтті

Қордай: Адал қоғам туралы уағыз өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сендердің әрқайсыларың бақташысыңдар әрі әрқайсыларың өз қарамағындағыға жауаптысыңдар», – деген. Бұл хадис адал қоғам құру әрбір адамның өзінен басталатынын көрсетеді. Әке – отбасына, басшы – халқына, ұстаз – шәкіртіне адал болуы тиіс.

Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Алайда негізгі мақсат – осы үлкен іске әр адам өзінен бастап үлес қосуы керектігін ұғындыру. Өйткені жауапкершілік бар жерде әділет пен тәртіп орнайды. Адалдық пен әділдікке негізделген қоғам ғана берекелі әрі тұрақты болады. Осы орайда Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде жамағатқа «Адал қоғам» тақырыбында уағыз-насихат айтылды.

Кездесу барысында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, дін мен дәстүрге қатысты танымдық сұрақтар қойылды. Белсенділік танытқан қатысушыларға діни кітаптар сыйға тартылды. Алла Тағала баршамыздың білімімізді арттырып, игі амалдарымызды қабыл етсін!

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: