Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Мүмин адамның мүминге қатысы – бір-бірін қуаттап тұрған құрылыс секілді», – деп, екі қолының саусақтарын бір-біріне айқастырып көрсеткен. Бұл хадис мұсылмандардың бір-біріне жанашыр болып, қиындықта қолдау көрсетуі керектігін білдіреді.
Осы игі қағиданы негізге ала отырып, Жамбыл облысы, Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы қасиетті айда мұқтаж отбасы мүшесімен кездесіп, қаржылай көмек көрсетті. Қайырымдылық шарасының мақсаты – қоғамдағы мұқтаж жандарға қолдау білдіріп, жамағат арасында мейірімділік пен бауырмалдықты арттыру.
Қасиетті айда жасалған әрбір игі іс пен сауапты амалдың сауабы еселенері анық. Алла Тағала жасаған қайырымдылықтарымызды қабыл етіп, баршамызға береке нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

