Қордай: Бас имам азан шақырып, сәбиге есім берді

Қордай: Бас имам азан шақырып, сәбиге есім берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Әкенің бала алдындағы міндеттерінің бірі – оған жақсы ат қою және жақсы тәрбие беру» деген. Бұл хадис – әрбір ата-ана үшін үлкен жауапкершілікті еске салатын өсиет.

Өйткені балаға қойылған жақсы есім – оның өміріне жасалған алғашқы дұға. Осы игі дәстүр жалғасын тауып, бас имам сәбидің құлағына азан шақырып, есімін берді. Азан – мұсылманның жүрегін иманға үндейтін қасиетті үн. Сәбидің өмірі дәл осы азанмен басталуы – оның тағдыры Алланы еске алумен, құлшылықпен, ізгілікпен өрілсін деген ақ тілектің белгісі. Исламда есім таңдауға ерекше мән беріледі.

Көркем мағыналы ат – баланың болмысына әсер ететін рухани аманат. Сондықтан ата-ана перзентіне әдемі есім беру арқылы оның болашағына үміт артып, жақсылық тілейді. Алла Тағала дүниеге келген сәбиге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, көркем мінез және нық иман нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: