Қордай: Азан үнінен басталған өмір - Арлан есімі берілді

Қордай: Азан үнінен басталған өмір - Арлан есімі берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағала Қасиетті Құранда: «Малдарың мен балаларың - сынақ» деп баян етеді. Перзент - ата-анаға берілген аманат әрі үлкен жауапкершілік. Сондықтан әрбір мұсылман отбасы бала тәрбиесіне де, оған қойылар есімге де айрықша мән береді.

Осы игі дәстүр аясында Хафиз Зейнуддин имам жаңа туған сәбидің құлағына азан шақырып, оған Бауыржан ұлы Арлан деген есім берді. Азан - мұсылманның жүрегін иманға үндейтін қасиетті шақыру. Сәбидің өмірі дәл осы азан үнімен басталуы - оның ғұмыры Алланы еске алумен, ізгілікпен және тақуалықпен өрілсін деген ақ тілектің белгісі. Исламда көркем мағыналы есім қою - сүннетке сай игі амал.

Арлан есімі - батылдық пен қайсарлықтың нышаны. Ендеше, есіміне заты сай болып, жүрегі иманға толы, мінезі көркем, ата-анасының үмітін ақтайтын, ел-жұртына пайдалы азамат болып ер жетсін. Алла Тағала Бауыржан ұлы Арланға ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, нық иман нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: