Қордай: Мешітке келу әдебі талқыланды

Қордай: Мешітке келу әдебі талқыланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мешіт – тек құлшылық жасайтын орын ғана емес, ол білімнің, мәдениеттің және тәрбиенің ордасы. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед  (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Меккедегі дін жауларының қыспағын көріп, Мәдина қаласына қоныс аударғаннан кейін ең алғаш атқарған игі ісінің бірі – мешіт салу болды.

Бұл – мешіттің мұсылман қауымы үшін қаншалықты маңызды орын екендігін айқын көрсетеді. Сондай-ақ Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алланың жер бетіндегі ең жақсы көретін орындары – мешіттер», – деп, мешіттің қадір-қасиетін ерекше атап өткен. Осыған орай Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде пәтуа сағаты аясында «Мешітке келу әдебі» тақырыбында тағылымды кездесу ұйымдастырылды.

Шара барысында жамағатқа мешіт әдебі жөнінде түсіндіріліп, түрлі сұрақтар қойылды. Белсенді қатысқан жамағат мүшелеріне арнайы сыйлықтар табысталды. Жиын соңында барша мұсылмандарға мешіт әдебін сақтап, қоғамға пайдалы, көркем мінезді мұсылман болуды Алла нәсіп етсін деген тілектер айтылды.

Аудандық «Қордай» мешітібаспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: