Қордай: «Көршіңе қуаныш сыйла» акциясы жалғасуда

Қордай: «Көршіңе қуаныш сыйла» акциясы жалғасуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Халқымызда көрші ақысына қатысты тағылымды ұстанымдар қалыптасқан. «Қиямет күні алдымен көрші ақысы сұралады» деген түсінік те осының айғағы. Бұл ұғымның исламда негізі бар. Дінімізде көршіге жақсылық жасау, оған құрмет көрсету – мұсылманның көркем мінезінің белгісі.

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көрші ақысының маңызын ерекше атап өткен. Көрші адам мұсылман немесе басқа дін өкілі, тақуа не пасық, дос не дұшпан, жергілікті немесе шетелдік болуы мүмкін. Қалай болғанда да, олардың ішіндегі жақсылық жасауға ең лайықтысы – ең жақын тұратын көрші. Осы игі қағиданы негізге ала отырып, Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы «Көршіңе қуаныш сыйлау» акциясы аясында мұқтаж отбасымен кездесіп, қаржылай көмек көрсетті.

Қасиетті Рамазан айы – мейірім мен қайырымдылықтың, сауапты істердің көбейетін уақыты. Осы айда жасалған әрбір игі амалдың сауабы еселенері анық. Алла Тағала баршамызға разы болатын амалдарды көптеп жасауды нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: