Қордай: Жарапазан эстафетасы жолданды

Қордай: Жарапазан эстафетасы жолданды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жарапазан — қазақ даласына ислам дінінің келуімен бірге қалыптасқан тұрмыс-салт жырларының бірі. Оны еліміздің кейбір өңірлерінде «Жарамазан» деп те атайды. Бұл атау араб тіліндегі «Жә, Рамазан» тіркесінен шығып, «Рамазан келді» деген мағынаны білдіреді.

Жарапазанды көбіне балалар мен жасөспірімдер қасиетті Рамазан айында, сәресі уақыты жақындаған кезде айтып, халықты сәресіге ояту мақсатында орындайды. Кейбір өңірлерде оны оразаның алғашқы үш күнінде, ортаңғы үш күнінде және соңғы үш күнінде, ауызашар уақытынан кейін айту дәстүрі де кездеседі. Ал Орталық және Батыс Қазақстанның кейбір аймақтарында бұл салт біршама ұмыт бола бастаған.

Қордай ауданында жылдағы дәстүр бойынша «Жарапазан» эстафетасы Шу ауданынан қабыл алынып, Мойынқұм ауданына жолданды. Ұлттық дәстүрімізді жаңғыртып, рухани құндылықтарды дәріптейтін бұл игі үрдіс әлі де қолдаушыларын табуда. Қасиетті Рамазан айы баршамызға хайырлы әрі берекелі болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: