Қордай: Көрші ақысы тақырыбында уағыз айтылды

Қордай: Көрші ақысы тақырыбында уағыз айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімнің «Ниса» сүресінде: «Аллаға құлшылық жасаңдар. Оған ештеңені ортақ етпеңдер. Ата-аналарыңмен, туған-туыстарыңмен, жетімдермен, қамқорлықты қажет ететін адамдармен, алыс-жақын көршілеріңмен, достарыңмен және қол астарыңдағы қызметшілермен жақсы қарым-қатынаста болыңдар.

Алла тәкаппар, мақтаншақтарды жақсы көрмейді» – деп бұйырады. Осы аятта көршімен жақсы қарым-қатынаста болудың маңызы ерекше атап өтілген. Ислам дінінде көрші ақысына үлкен мән беріліп, оны сақтау әрбір мұсылманның міндеті екені айтылған.

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сарыбұлақ ауылындағы «Сахаба» мешітінде ұйымдастырылған ауызашар дастарханында мешіт имамы Серік Рахимбаев жамағатқа «Көрші ақысы» тақырыбында уағыз айтып, көршімен тату-тәтті өмір сүру, бір-біріне жәрдемдесу, қиын сәтте қолдау көрсету – мұсылмандық әдептің көрінісі екенін жеткізді. Сондай-ақ Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көрші ақысына қатысты өсиеттерін түсіндіріп, жамағатты татулық пен бауырмалдыққа шақырды. Жиын соңында жамағат ауыз ашып, елдің амандығы мен бірлігі үшін дұға жасалды.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: