Қордай: «Көршіңе қуаныш сыйла» акциясы бойынша шара өтті

Қордай: «Көршіңе қуаныш сыйла» акциясы бойынша шара өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақ халқында «Құдай қосқан көршім» деген тағылымды сөз бар. Расында да, адам баласы өмірде қуаныш пен қайғыны, қиындық пен жақсылықты ең алдымен көршісімен бөліседі. Қысылтаяң сәтте қол ұшын созып, қуанышта бірге қуанып, қайғыда бірге болысатын да – көрші.

Сол себепті халқымыз «Адамның күні – адаммен» деп бекер айтпаған. Ислам дінінде де көрші ақысына ерекше мән берілген. Дінімізде көршіге жақсылық жасау, онымен тату-тәтті өмір сүру – мұсылмандық әдептің көрінісі әрі Алланың әмірі болып табылады.Осы игі қағиданы негізге ала отырып, Қордай ауданында, ауданның бас имамы Азамат Берікұлының бастамасымен «Көршіңе қуаныш сыйла» акциясы аясында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Игі шара барысында мұқтаж отбасыға қаржылай көмек табысталды.Шараның басты мақсаты – көрші ақысының маңызын насихаттау, қоғамда бауырмалдық пен жанашырлық қасиеттерін арттыру.Алла Тағала жасалған игі амалдарды қабыл етіп, берекесін берсін!

Аудандық «Қордай» мешітібаспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: