Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бес нәрсе келместен бұрын бес нәрсенің қадірін біл: қарттық келместен бұрын жастық шақтың, ауру келместен бұрын денсаулықтың, кедейлік келместен бұрын байлықтың, жұмысбастылық келместен бұрын бос уақыттың және ажал келместен бұрын өмірдің қадірін біл», – деген.
Осыған орай Қордай ауданы, Жаңатұрмыс ауылындағы «Жаңатұрмыс» мешіті имамының ұйымдастыруымен, «Ислам және адал қоғам» тақырыбында насихат айтылды. Кездесуде мешіт имамы Өмірзақов Нұртуған Серікұлы жастарға діннің қоғамдағы орны, адалдық, адамгершілік және жауапкершілік туралы кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында жастар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Кездесу соңында жамағат ризашылықтарын білдіріп, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға жасалды. Алла Тағала баршамыздың дұға-тілектерімізді қабыл етіп, елімізге амандық, жұртымызға тыныштық нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

