«Ар-Рахман ар-Рахим» мешітінің әйелдер секторы ұстаз Зора Айдарованың жетекшілігімен қасиетті Рамазан айында 15 күн ішінде толық Қасиетті Құранды хатым етіп аяқтады. Алла Тағала бұл құлшылықты қабыл етіп, берекесін берсін, қателіктерімізді кешіріп, Құранға деген сүйіспеншілікпен қатысқан барлық әпке-қарындастарымызға сауаптан жазсын.
Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді: «Рамазан айы – адамдарға тура жол көрсетуші, ақиқат пен жалғанды айқындайтын дәлелдер ретінде Құран түсірілген ай…» («Бақара» сүресі, 2:185)
Алла Тағала Құранды жүректеріміздің нұры, өміріміздің тура жолы және бәріміз үшін Өз мейіріміне жеткізетін себеп етсін.


11 Наурыз 2026
22 Рамадан 1447

