#Шу: «Жәми» мешітінде намаз үйрету жұмыстары жүргізілуде

#Шу: «Жәми» мешітінде намаз үйрету жұмыстары жүргізілуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айында «Жәми» мешітінде намаз оқуды үйренгісі келген жамағатқа арнайы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Намазды енді үйреніп жүрген кісілерге арналған арнайы жайнамаз үлгісі көрсетіліп, намаз оқу тәртібі кезең-кезеңімен түсіндірілуде.

Аталған жайнамазда намаз барысында оқылатын сүрелер мен жасалатын қимылдар ретімен жазылып көрсетілген. Бұл өз кезегінде намазды жаңадан үйреніп жүрген жамағатқа жеңілдік жасап, дұрыс орындауға көмектеседі.

Мешіт қызметкерлері алдағы уақытта да жамағатқа діни сауат ашу бағытындағы осындай пайдалы шаралар жалғасын табатынын жеткізді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: