Алғыс айту – халықтың жан дүниесінің байлығын, ризалық пен шүкіршілік сезімін танытатын асыл дәстүр. Қазақ ұғымында алғыс пен бата – егіз ұғым. Көрнекті әдебиеттанушы, тілші ғалым Ахмет Байтұрсынов: «Бата – біреуге алғыс бергенде айтылатын сөз» – деп, батаның тәрбиелік әрі рухани мәнін айқындап өткен.
Осы игі мереке аясында «Рахман» мешіті ұстазы Айгүл Жолдасқызының ұйымдастыруымен аудан әжелеріне құрмет көрсетіліп, алғыс айтылды. Ақ жаулықты аналардың қоғамдағы, отбасы мен ұрпақ тәрбиесіндегі еңбегі ерекше атап өтіліп, оларға ізгі тілектер білдірілді.
Шара барысында жамағат пен ұстаздарға да ризашылық білдіріліп, сый-сияпаттар табысталды. Кездесу жылы жүзді әңгіме мен ақ баталарға ұласып, рухани әсерге толы болды. Алла Тағала баршамызды шүкіршілік ететін, алғыс айта білетін құлдарынан етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

