Жуалы ауданы, Көлбастау ауылдық «Құлый баба» мешітінде қасиетті Рамазан айының тарауық намазын алдын жамағатқа уағыз айтылды.
Мешіт молдасы Бақытжан Айбатбекұлы Рамазан айына берілген тапсырма бойынша «Отыз күнге отыз уағыз» аясында Ораза ұстаушы қандай жағдайда болмасын оразасын былапыт сөздермен, ұрыс-керіспен ластамай, сабырлылық танытып, ғибадатын мүлтіксіз түрде орындауы керек.
Сонда ғана ғибадаты кәміл болып, Раббымыз қабыл алады. Өйткені ораза тек қана ішіп-жеуден тыйылу емес. Сондай-ақ, жаман әдеттерден, дөрекі сөздерден, теріс мінез-құлықтардан арылу.,-деп тарауық намазы алдын әсерлі уағыз айтты.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


10 Наурыз 2026
21 Рамадан 1447

