Тиында таңбаланған қазақ мешіттері (ФОТО)

Тиында таңбаланған қазақ мешіттері (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Орталық мешіт" (Алматы қ.)

Номиналы - 500 теңге.

2006 жылғы 22 желтоқсанада айналысқа шығарылды.

Айналысқа шығарылатын "Орталық мешіт" (Алматы қ.) ескерткіш күміс монетасы Қазақстанның бүкіл мәдениетін кеңінен түсіндіруге, тұлғаның дінді рухани және адамгершілік жағынан өзін-өзі жетілдіруі туралы бейбіт ілім ретінде түсінуіне бағытталған монеталардың жаңа сериясын ашады.

Республикалық орталық мешіт (Алматы қ.) – ТМД елдеріндегі сәулетті мешіттердің бірі. Ол  1999 жылы салынған.

       

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Айналдыра монетаның номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" деген жазба,  мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" және орыс тілінде "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН" деп жазылған. Жазбалар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде тау сілемінің және Алматы қаласында салынып жатқан үйлер фонында Республикалық орталық мешіттің суреті бейнеленген. Монетаның жоғарғы бөлігінде екі жолға мемлекеттік тілде "ОРТАЛЫҚ МЕШІТ", орыс тілінде "ЦЕНТРАЛЬНАЯ МЕЧЕТЬ" деген жазба, Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және мешіттің орналасқан жерін және монетаның соғылған жылын білдіретін "Алматы 2006" деген жазу бар. Төменгі бөлігінде монета жасалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін "Ag 925 31,1 gr." деген жазу бар.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер және жазбалар бедерленген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен жасалған.

Массасы – 31,1 грамм.

Диаметрі – 38,61 мм.

Шығару сапасы - "proof".

Таралымы – 4 мың дана.

"Жаркент мешіті"

Номиналы – 500 тенге.

2008 жылғы 1 қазанда айналысқа шығарылды.

      

Монетаның беткі жағында (аверсінде) ортада Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Айналдыра монетаның номиналын білдіретін мемлекеттік тілде "500 ТЕҢГЕ", "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ", орыс тілінде "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН" деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) ортада Жаркент қаласының мешіті бейнеленген. Төменгі бөлігінде Қазақстан Теңге сарайының тауар белгісі орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде "ЖАРКЕНТ МЕШІТІ", орыс тілінде "ЖАРКЕНТСКАЯ МЕЧЕТЬ" деген жазу, монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін  "Ag 925  31,1 gr." деген жазу, монетаның соғылған жылын білдіретін «2008» деген сан орналасқан. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның беткі және сыртқы жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленіп жазылған.

Қыры (гурт) бұдырлы.

Монета сынамы 925 күмістен дайындалған.

Массасы – 31,1 грамм.

Диаметрі – 38,61 мм.

Дайындау сапасы – "proof".

Таралымы - 4 мың дана.


"Нұр-Астана" мешіті"

Номиналы – 500 теңге.

2009 жылғы 20 тамызда айналысқа шығарылды.

     

Монетаның беткі жағында (аверсінде) ортада Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Айналдыра монетаның номиналын білдіретін мемлекеттік тілде "500 ТЕҢГЕ", "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ", орыс тілінде "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН" деген жазу бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) ортада "Нұр-Астана2 мешіті бейнеленген. Төменгі бөлігінде монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін  "Ag 925  31,1 gr." деген жазу бар. Жоғарғы бөлігінде айналдыра Қазақстан Теңге сарайының тауар белгісі, мемлекеттік тілде "НҰР-АСТАНА"МЕШІТІ" деген жазу, монетаның соғылған жылын білдіретін "2009" деген сан, "МЕЧЕТЬ "НУР-АСТАНА" деген жазу орыс тілінде орналасқан. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның беткі және сыртқы жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленіп жазылған.

Қыры (гурт) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен.

Массасы – 31,1 грамм.

Диаметрі – 38,61 мм.

Дайындау сапасы – "proof".

Таралымы – 4 мың дана.

Бекет-Ата ғибадатханасы»

номиналы – 500 теңге

2010 жылғы 11 маусымда айналысқа шығарылды

     

Монетаның бет жағында (аверсінде) ортада Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Айналдыра монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ», мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазулар бар. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) ортада Бекет Ата ғибадатханасы бейнеленген. Сол жақ бөлігінде монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925  31,1 gr.» деген жазу,  монетаның соғылған жылын білдіретін «2010» деген сан және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі бар. Айналдыра мемлекеттік тілде «БЕКЕТ-АТА ҒИБАДАТХАНАСЫ» және орыс тілінде «СВЯТИЛИЩЕ БЕКЕТ-АТА» деген жазу бар. Жазулар нүктемен бөлінген.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монета 925 сынамды күмістен дайындалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61мм,  дайындау сапасы – «proof», ең көп таралымы - 15 мың дана.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: