Қазақ даласындағы ескі мешіттер мен медреселер (ФОТО)

Қазақ даласындағы ескі мешіттер мен медреселер (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жаркент мешіті - ХІХ ғасырға жататын сәулет өнері ескерткіші. Құрылыс жұмыстарына қытайлық инженер Хон Пик басшылық еткен. Бірде-бір шегесіз тұрғызылған ғибадат үйі бүгінде жұмыс істеп тұр. 

 

Суреттер neweurasia.net сайтынан алынды.

Қостанай облысы, Мендіқара ауданы, Боровской селосындағы Зұлқарнайұлы Мұса қажы мешіті 1912-13 жылдары салынған. 2006 жылы қайта күрделі жөндеуден өткен.

Семей қаласындағы мешіттердің ескідегі суреттері.

Семейдегі Ахмет Риза медресесінен қалған жалғыз дүние - осы есік. Қалғаны өртеніп кеткен. Байқасаңыздар, сол кездегі кейбір шәкірттер есікке өз есімдерін жазып, белгі қалдырып жүрген.

Көне ғимараттар. Ақкөл мешіті

0b4978e01a6f07bb195463aee109ef9e.jpg

Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданына қарасты Ақкөл ауылдық округінде тарихы тереңде жатқан көне мешіт бар. Бұл тарихи нысан Семей шаһарынан 30 шақырым жерде орналасқан. Бүгінде құлағалы тұрған ескі мешіттің тарихы, қазіргі жай-күйі есті жанды алаңдатпай тұра алмайды. Көненің көзіндей болған ескі мешітті 1905-1907 жылдары татар көпесі Сұлтан қажы Фазылбеков салған. Қажы деген тіркемесіне қарағанда, бұл кісі – Мекеге сапар шегіп, қажылығын өтеген адам. Татар халқының мінезі, тұрмыс-тіршілігі мен Семей өңірінің өсіп-өркендеуіне қосқан өлшеусіз үлесі тарихтан белгілі. Соның жарқын бір мысалы – осы байырғы сібір-татар стиліндегі ағаш сәулет өнерінің ескерткіші. 

hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: