Алматыда қыздар арасында Құран жарысы басталды (фото)

Алматыда қыздар арасында Құран жарысы басталды (фото)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Нұр-Мүбарак» университетінде Құранды жатқа оқудан қыздар арасында тұңғыш рет республикалық жарыс басталды.

Бас мүфти игі шара барысында елдің болашағы бүгінгі қыз баланың, ертеңгі ананың қолында екенін тілге тиек етіп, қыздар арасындағы І республикалық Құран жарысының ашылуымен құттықтады. «Бүгін міне елімізде тұңғыш рет қасиетті Құран жаттаушы қыздарымыздың арасында республикалық бәйгенің тұсауын кесейік деп отырмыз. Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Сендердің ең жақсыларың Құранды үйреніп, оны өзгелерге үйреткендерің», – десе, халқымыз «Қыз бала тәрбиесі – бүкіл ұлт тәрбиесі», – деген. Демек, сіздердің әрқайсыларыңыз бір-бір медресе, академияның қызметін арқалаған, отбасының берекесін келтіруші аманат иелерісіздер. Сондықтан бүгінгі тұңғыш қасиетті Құран сайысына сәттілік тілеймін. Алла Тағала жар болсын!» деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Сайысқа республиканың әр аймағынан үздік деген 160-тас астам үміткер бақ сынауда. Олардың ең жасы 7 жаста болса, ең үлкені 54 жаста. Жарысқа қатысушылардың Құранды жатқа білуіне, оқу қырағаты, тәжуиді мен көркем оқу қабілеті бағаланады. Сондай-ақ, оқыған аяттарының мағынасы (тәпсірі) сұралады.

Сайыс екі күнге созылады. Қасиетті Құранның 1,2,3,5,10  паралары бойынша өтуде. «UMMET» қоғамдық қорының қолдауымен жүлде қоры – 3 500 000 теңге.

e-islam

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: