Жан Клод Ван Дамм: Исламда жақсы дүниелер жеткілікті (ВИДЕО)

Жан Клод Ван Дамм: Исламда жақсы дүниелер жеткілікті (ВИДЕО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Египеттің MBC MASR телеарнасына берген сұхбатында белгілі киноактер Жан Клод Ван Дамм мұсылман халқындағы тамақтану мәдениетіне таң қалатынын айтты.

Ол, әсіресе, дұрыс тамақтану туралы сұраққа жауап бере келе, ет тағамдарын азырақ жеп, нан, миндаль мен алма секілді ас-тағам түрлерін жеуге кеңес беріп, Мұхаммед пайғамбар дәуіріндегі жағдайға назар аударды.

«Ислам туралы көбірек оқыңыздар. Онда сіздер өзіңіз үшін өте қызық дүниелерді кезіктіресіз. Исламда жақсы нәрселер жетерлік. Мұхаммед пайғамбар өте ақылды кісі болды. Ол денсаулыққа ненің пайдалы екенін жақсы білді. Пайғамбардың айтқан өсиеттерін (хадистерін) оқыңыздар. Менен сұрамаңыздар (дұрыс тамақтану туралы – ред.), барлығы сіздерде жазылған» дейді Ван Дамм. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: