Амджад Хадж Хамис және Абдуррахман Хлоуф – босқын-мүгедектерге арналған протез өндірісі бойынша мобильді клиника ұйымдастырған сириялық студенттер.
Әдеттегі қала тіршілігінде қолданылатын ақ жүк көлігі іспеттес медициналық фургонда әр күн жұмыс қызу жүреді. Студенттер төрт жыл ішінде 2500 адамға 5000 аяқ протезін әзірлеген. Сондай-ақ жастар қарт кісілер мен балаларға көмекке өздері келіп, мұқтаждардың қажеттіліктерін өтейді.
Амджад Хадж Хамис пен Абддуррахман Хлоуф мұндай еңбек жолын дала госпиталінде үйренген. «Әсіресе, аяғынан айырылған кішкентай балаға жаңа протез кигізгендегі жағдайды елестету өте қиын. Бүлдіршіндер көбірек қимылдап, асыр салып ойнағысы келеді. Сол себепті, олардың осы бақытына қол ұшын созу ең керемет іс» дейді А.Хамис.
Зерделі жастардың көмегін алған баланың бірі 9 жасар Сальма. Ол атасына жету жолында жасырылған минаның үстіне түсіп, аяғынан айырылады. «Мен ауруханада оянған кезде аяғымды таба алмадым. Бұл мен үшін өте қорқынышты сәт еді. Алайда, әкем, маған протез орнатылып, қайтадан аяққа тұратынымды айтып, сабырға шақырды. Мен осы үшін қатты қуандым» дейді Сальма.
e-islam