Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған Республикалық ақпарат-насихат тобының (РАНТ) құрамын білікті әрі кәсіби дін мамандарымен толықтыру мақсатында кезекті аттестаттау рәсімі өткізілді.
Аттестаттау үдерісі екі кезеңнен тұрды: компьютерлік тестілеу және ауызша емтихан. Компьютерлік тестілеу барысында үміткерлердің фиқһ, ақида, ислам тарихы және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының концептуалдық құжаттары бойынша білім деңгейі бағаланды.
Ал ауызша емтихан кезеңінде қатысушылардың Құранды дұрыс оқу және тәжуид қағидаларын меңгеру деңгейі, дін мен дәстүр сабақтастығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясындағы білімі сарапқа салынды.
Аталған аттестаттау РАНТ құрамының сапасын арттыруға, қоғаммен тиімді жұмыс жүргізетін, діни сауаты жоғары мамандар қатарын қалыптастыруға бағытталған.











12 Ақпан 2026
24 Шаабан 1447

