Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіретіміздің тапсырмасымен Жастар ісі секторының меңгерушісі Күзекбай Бағыжан Тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылына арналған шараға қатысты.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен Біріккен Ұлттар Ұйымы 2026 жылды Тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылы деп жариялады. Бұл – адамзаттың ортақ болашағы үшін жасалған маңызды әрі мағыналы қадам.
Мемлекет басшысының бастамасын қолдай отырып, жыл басында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіретіміз өзінің бағдарлық баяндамасында белсенді жастардың басын қосып, «Ислам және жастар» атты ІІІ Республикалық форум өткізуді тапсырған болатын.
Асыл дініміз Ислам әрбір мұсылманға өзіне жүктелген құлшылық амалдарды орындаумен қатар, қоғамға пайда тигізетін ізгі істерді атқаруды насихаттайды. Қасиетті Құранның «Кәһф» сүресінің 30-аятында:
«Расында иман келтіріп, ізгі іс істейтіндерге келсек, Біз көркем жақсылық істейтіндердің сауабын әсте зая етпейміз», – деп баяндалған.
Волонтерлік қызмет – Исламдағы жанашырлықтың, бірліктің және жауапкершіліктің айқын көрінісі.



04 Ақпан 2026
16 Шаабан 1447

