Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2025 жылы бекіткен «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында 4 бағыт: Дін мен Дәстүр, Ихсан және насихат, Діни оқу-ағарту және Жат діни ағымдардан сақтандыру бағыттары бойынша іс-шараларды ұйымдастыруда белсенділік танытқаны үшін 3 дін қызметкері алғыс хатпен марапаттап, 20 000тг көлемінде қаражатты ыңталандыру мақсатында берді. Алғыс алған имам-молдаларымыз төмендегідей:
- Кенжехан Өксікбайұлы Аймантөбе ауылдық «Аймантөбе» мешітінің молдасы;
- Ахмет Жетпісбайұлы Аққия ауылы «Аққия» мешітінің молдасы;
- Рахымбек Кенжебайұлы Байзақ ауылы «Тілеш қажы» мешітінің молдасы.
Алғыс хат мәтінінде: «Сіздің асыл дініміз бен рухани құндылықтарымызды насихаттау арқылы Байзақ ауданы Жалғызтөбе ауылдық округі Аққия ауылы «Аққия» мешітіне сіңірген ыждаһатты еңбегіңіз бен ауыл тұрғындарын ауызбіршілікке шақыру жолында жасаған белсенді қызметіңіз үшін, сізге айрықша алғысымды білдіремін.
Сізге және жақындарыңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!»,- делінген



22 Қаңтар 2026
3 Шаабан 1447

