ҚМДБ Жамбыл облысы Байзақ ауданның бас имамы Қанат Әділханұлының жетекшілімен өткен қортынды жиналыста ауданға қарасты 5 аймақ жетекшілері 2025 жылдың қорытынды есебін баяндады.
Қортынды жиынында 5 аймақ жетекшілері 2025 жылы әртүрлі бағытта атқарылған жұмыстардың қорытынды есебін жеке-жеке баяндап, слайд түрінде ұсынды.
Аудан бас имамы Қанат Әділханұлы дін қызметкерлерінің жыл бойына атқарған жұмысына оң баға беріп, сәттілік тіледі. Сондай-ақ жетілдіру қажет тұстарын екшелеп, кемшін түсіп жатқан бағыттар бойынша әлі де жұмыс істеу керектігін ескертті.



22 Қаңтар 2026
3 Шаабан 1447

