"Әбдібай ата" мешітінде Алланың сипаттарына арналған пәтуа сағаты ұйымдастырылды. Игі шара барысында Асқарбек Серікұлы мешіт жамағатына Алланың Зати және Субути сипаттары жөнінде жан-жақты түсіндірме жасап, олардың мәні мен хикметіне кеңінен тоқталды.
Пәтуа сағаты кезінде дәріскер Алланың сипаттарын дұрыс тану – мұсылманның иманын күшейтіп, сенімін бекемдей түсетін маңызды ілім екенін атап өтті. Сондай-ақ, бұл тақырыптағы сауалдарға жауап беріп, жамағаттың діни танымын арттыруға бағытталған пайдалы ойларымен бөлісті.
Іс-шара соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, рухани маңызы зор мәліметтер алды.
Әбдібай ата мешітінің баспасөз қызметі.


19 Қаңтар 2026
30 Раджаб 1447

