Катардағы Қазақстан елшісі Асқар Шоқыбаев Катар мемлекеті Ислам істері және уақф министрі Мубарак Әли әл-Кауаримен кездесті.
Қос тарап өзара ортақ мүдделер тақырыбында бірқатар мәселелерді талқылады. Катар министрі Қазақстанның Астана төрінде әлемдік және дәстүрлі діндер съезін өткізу туралы бастамасына қолдау білдіріп, бұл шараға белсене атсалысатынын жеткізді.
Әли әл-Карауи өз сөзінде Қазақстанда арнайы сапар жасап, Қазақстан Республикасының ресми билік өкілдерімен, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы басшылығымен кездесіп, ынтымақтастық жөнінде өзекті мәселелерді талқылауға ниет білдірді. Әсіресе, министр Катар тарапынан Қазақстанда мешіт салу ісіне үлес қосу жайында атап өтті.
e-islam


13 Қаңтар 2026
24 Раджаб 1447

