Алтын әріптермен жазылған Құран 80 000 долларға сатылды

Алтын әріптермен жазылған Құран 80 000 долларға сатылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

The Siasat Daily-дің хабарлауынша Стамбул қаласында өткен бәссаудада қасиетті Құран Кәрім кітабы 80 000 долларға бағаланды. Мамандардың айтуынша, жәдігер бұдан 100 жыл бұрын жасалған.

Сол замандағы атақты каллиграф Хасан Сабридың қолынан шыққан Құран Кәрім сулюс деп аталатын стилде жазылған. Дөңгелене жазылған кітап әріптері түгелдей алтын жалатылған.

Бәссауда барысында қасиетті Құран Кәрім кітабымен бірге Түрік республикасының құрылуы кезеңінде атақты каллиграфия шебері Ахмед Камил Акдиктің қолынан шыққан дұға тақтасы да сатылымға шығарылды. Бұл жәдігердің құны 14 мың долларға бағаланды.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: