Жуалы: Ауыл имамдары жылдық есеп берді

Жуалы: Ауыл имамдары жылдық есеп берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Жуалы ауданы, аудандық «Толымбай тегі Зиябек» орталық мешітінде имамдармен жиналыс өтті. Аудан бас имамы Есет Тұрдыбайұлы ауыл имамдарынан атқарған жұмстарының есебін толықтай көрсетіп, үгіт-насихат, оқу-ағарту жұмыстарына атсалысып жатқандықтарын тыңдады.

Мүфтияттан жіберілген тапсырмаларды, дер кезінеде орындау жұмыстарын да тыңғылықты атқаруды, жаназаға қатысты мәселені ауыл имамдарына ескерту жасалды. Діни басқарманың төл басылымдары "Ислам және өркениет" газеті мен "Иман" журналына жазылу жағдайы да жиналыста талқыланды.

Мешіт ауласын абаттандыру, орта тазалығына көңіл бөлуі жөнінде де тапсырмалар берді. Әр ауыл мешіттерінен діни сауат ашу курсын оқуға ниетті  білімін жетілдіргісі келетін шәкірттерді қолдап-қуаттап, оларды «Һибатулла Тарази» орталық мешіті жанынан ашылған медресеге, Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак» университетіне де жіберу керектігін тілге тиек етті.

Қорыта айтқанда, имам-молдалармен бірлесіп, асыл дімініміздің қасиетін халыққа толық жеткізе білу, әр имам өз жұмысын,  міндетін толық атқаруға күш салып, Отанымызға еселі еңбек қосуға бағыттауды, жат ағымдардан елді сақтап, қалқан бола білсек деген тұжырымға тоқталды.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: