Жуалы аудандық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде аудан бас имамы Тұрдыбайұлы Есет жамағатқа «исламда жастар тәрбиесі» тақырыбы бойынша тағылымды жұма уағыз-насихат айтты.
Жастық – өмірдің ең қымбат қазынасы, оны қалай өткізсек, келешегіміз де солай қалыптасады. Ислам жастық шақтың әр сәтін қадірлеп, оны ізгі амал мен пайдалы іспен көркемдеуге үндейді. Өйткені адам баласының ең ұлы жетістігі – дүние игілігі емес, Алланың разылығын алып, халқының қызметінде болу.
Сондықтан, әрбір жас – өз жүрегіне иман ұялатсын, біліммен қарулансын, ниетін түзеп, қоғамға пайда келтіретін жолды таңдасын. Мақсатымыз биік, мұратымыз жарқын болсын! Раббымыз баршамызды ізгі істермен айналысушы, елге үлгі, үмбетке пайдалы жандардың қатарына қоссын!
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.


26 Қараша 2025
5 Джумада-сани 1447

