Пайғамбар мешітінің имамы Мұхаммед Аюб өмірден өтті

Пайғамбар мешітінің имамы Мұхаммед Аюб өмірден өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

16 сәуір күні таң намазынан кейін Мәдина қаласындағы Пайғамбар мешітінің имамы, шейх Мұхаммед Аюб өмірден өтті, деп хабарлайды Medina-center.ru.

Мұхаммед Аюб 1952 жылы Бирмадан Меккеге бас сауғалап көшкен мұсылман отбасында дүниеге келген.

Аюбтың балалық шағы қиыншылыққа тап келді. Үлкен ағасы мен әпкесі отбасын асырау үшін жұмысқа ерте араласқан. Әкелері Бирма түрмесінде жатты.

Осындай қиыншылықтарға қарамастан, Аюб медреседегі сабағынан бір сәт кешікпеген. БАҚ бетіне сирек сұхбат берген ол өзінің медресеге барар жолда күн сайын шөл далада кездескен кедергілерін айтып өткен болатын.

Ол заманда байланыс қызметі, жол қатынасы дамымаған кез.  Бүгінде жерасты жолымен өтетін жолды ол уақытта екі үлкен төбе арқылы айналуға тура келетін. Бала Мұхаммедке бұл жерлерден жабайы иттер де, жылан да, шөл даланы мекен еткен өзге де қауіпті аң-құс кезікті. Алайда, дініне берік бала еш кедергілерге мойымаған. Ол осылайша он екі жасында Құранды толық меңгеріп шығады. Оқуын тәмамдаған соң Мәдинадағы Ислам университетіне оқуға түсті. Құран ілімдерінен диссертация қорғап, ғылыми кандидаты атанды.

1990 жылы шейх Аюбке Пайғамбар мешітінің имамдық қызметі ұсынылды. Бұл ерекше сәттерімен есте қалған уақиға болды.

Мешіттің бас имамы шейх Абдул Әзиз ас-Салих қасиетті Рамазан айы басталуына бірнеше күн қалған кезде Мұхаммед Аюбты жиынға шақырып, шараның соңында оны қасына отыруын өтініп, қолына бір қағазды беріп, оқуын өтінді. Шейх Аюб мәселенің мәнісін түсінбеген күйі қағаздағы жазуды оқыған сәтте таң-тамаша қалды. Себебі, әлгі хатта: «Сіз Алла елшісінің (с.а.с.) мешітінде тарауих намазын жүргізесіз» деп жазылған еді.

Мұхаммед Аюб өз өмірін толықтай Алланың дініне, Құранға арнаған жан. Ол ең үздік Құран оқушылардың бірі болды, оның даусымен жазылған Құран таспалары әлем мұсылмандарының ең таңдаулысына айналды.

Сенбі күні шейх Мұхаммед Аюб өзі қызмет еткен мешіт іргесіндегі әл-Бакия қабіріне жерленді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: