Әлем бойынша мешіттердің басым бөлігі жергілікті мамандардың жобасымен, ислам елдеріне тән архитектурамен салынады. Дегенмен, мұсылман мемлекеттері батыс сәулетшілерінің шығармашылығына да көңіл бөледі, деп жазады Financial Times.
Британдық Аманда Левит Абу-Дабу қаласындағы Әлемдік сауда орталығы үшін жаңа мешіт дизайнын әзірлеуші құрылыс компаниясында істеп жүріп, кей кезде мұсылман мешіттерінің мән-мағынасы мен рухани күш-қуатын сырттай бақылап білгенді жөн санайтынын жеткізді.
Оның компаниясы әзірлеген мешіт дизайны ислами нақыштармен әрленген бағаналардан тұратын орманды алқапты бейнелейді. Бұл өз кезегінде жоғары технология жетістіктері әрі дәстүрлі құндылықтарды аса сезімтал түйсіну белгісі болмақ.

KSP германиялық компаниясы болса Алжирде «Үлкен мешіт» тұрғызған. Мешіт дизайны бірнеше бағаннан тұрады, ол арқылы ислам нақыштары ерекше өрнек құрады. Ал мұнарасы заманауи стильде – төртбұрышты және үшкірлеу келген. Әлем бойынша ең биік мұнара да осы – 265 метр.

Катардың Доха қаласындағы Жұма мешіті британдық McAslan’s компаниясының туындысы. Ғимарат барынша байсалды көрінеді, дегенмен жұқа рельефті өрнектер, айнала қоршаған есіктері ішкі көрінісі өте көрнекті екенін байқатады.
e-islam


13 Қаңтар 2026
24 Раджаб 1447

