Альберт Эйнштейн мен Стивен Хокингтен де ақылды бала табылды

Альберт Эйнштейн мен Стивен Хокингтен де ақылды бала табылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

aum amin

Альберт Эйнштейн мен Стивен Хокингтен де ақылды бала табылды. Ол – Аум Амин. Әлемдегі ең танымал IQ тесттерінің бірі болған Mensa сынағына кірген Аум Аминнің IQ-і 162 ұпай болып шықты. Бұл Альберт Эйнштейн мен Стивен Хокингтің ұпайларынан 2 ұпайға артық. Осылайша ақылды бала әлемге мәшһүр болып, Mensa клубынан шақырту алды. Бұл клуб әлемдегі ақылды адамдардан құралған топ.

Мамандар мұнша жоғарғы балды 18 жастан төмен баланың алуы өте сирек жағдай екенін айтып отыр.  Альберт Эйнштейн мен Стивен Хокингті пір тұтатын Аум Амин де осындай нәтижеге қол жеткізгеніне ерекше қуанышты екенін жеткізді. «Мұндай жоғарғы нәтижеге қол жеткізгенім үшін өзімді өте қуанышты сезініп тұрмын. Осы уақытқа дейін ойымдағы дүниелерге ойдағыдай жетіп келе жатырмын», – деді ол.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: